Мәжіліс Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуін тоқтату туралы түзетуді қабылдады
Мемлекет басшысының парламенттегі сөзі революциялық сипатта болды. Халық бір жеңілдеп қалды. Енді парламент пен үкімет Президенттің барлық уәдесін толық, жедел орындауы керек. Әуелі Тұңғыш Президенттің Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойы төрағалығын алып тастау керек болды. Бұны біз бүгін атқардық. Мәжілістің бұл тарихи шешіміне депутаттар атсалысты.Депутат Қанат Нұров
Депутаттың айтуынша, "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы", "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" және "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы" конституциялық заңдарға қажет барлық түзету енді Сенатқа жіберіледі. Себебі ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету тұлғасы бойынша емес, лауазымы бойынша заңды түрде ҚР Президентіне тиесілі. Бұл туралы Қанат Нұров Facebook-тегі парақшасында жазды.
Сонымен қатар ол Қазақстанда экономикадағы саяси монополияларды жойып, пайдалы қазбаларды экспорттауға байланысты қаржылық және валюталық ағымдармен айналысу, оларды ашық ету қажет екенін атап өтті.
Біз мүмкіндігінше экономика мен саясатты ретке келтіруіміз керек. Егер біреу бірдеңе ұрлап кетсе, оны сот шешсін. Жалпы бізге дер кезінде тоқтау керек.Қанат Нұров
Сонымен бірге депутат Үкімет сотта жеке азаматпен тең болуы керек екенін және қандай тұлға болса да, әркімнің құқықтық теңдігі қажет екенін айтты.
Бірақ барлығына бірдей әлеуметтік теңдік қажет емес. Біз бұдан өттік. Байлықпен емес, кедейлікпен күресейік. Элиталардың қарапайым адамдар сияқты өмір сүруін сұрауды доғаратын кез келді. Қарапайым адам байларға тәуелді болатындай кедей болмағаны әлдеқайда жақсы. Қанат Нұров
5 қаңтардан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін басқарады.