Елімізде негізгі азық-түлік тауарларының 5 айлық қоры құрылды
Сауда комитетінің төрағасы атап өткендей, соңғы 2 жылдағы үрдіс бүкіл әлем бойынша азық-түлік бағасының айтарлықтай өсуін көрсетті. 2020 және 2021 жылдары Сovid-19 салдарынан логистиканың күрделілігіне көптеген елдерде құрғақшылық және нәтижесінде әлемдік нарықтардағы бағаның өсуі қосылды. Қазақстан да бұдан тыс қалған жоқ.
Комитет төрағасы "бүгінгі басты міндет – бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу" екенін атап өтті. Бұл бойынша министрлікте орталық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқаны айтылды.
Комитет төрағасы атқарылып жатқан істерді санамалап берді:
Біріншіден, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің нақты және бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Егіс алқаптарын және әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіруге арналған басым дақылдар өндірісін ұлғайту жоспарланған. Қазіргі уақытта елімізде негізгі азық-түлік тауарларының 5 айлық қоры қалыптастырылды.
Тұтынушы үшін бағаны төмендету мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін (тізбеде олардың 19 түрі) 15-тен 10%-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа, комитет төрағасының айтуынша, жергілікті бюджет есебінен тұрақтандыру қорларын қаржыландыру және сауда желілерін кредиттеуді 140 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланған (бүгінгі күні 70 млрд теңге бөлінді).
Екіншіден, маусымаралық кезеңде Орталық Азия елдерінен ерте импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін форвардтық сатып алуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Министрлік пен әкімдіктер жұмысының қосымша блогы – мемлекеттік бақылауды күшейту, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жұртшылықты тарту арқылы сауда үстемесін және сыйақыны бақылау бойынша жұмысты күшейтеміз.Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев