Жаңалықтар тізбегі
0

Премьер-министр: Босаңсуға болмайды

Үкімет басшысы, Премьер-министр, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2022 10:24 Сурет: премьер-министрдің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирус инфекциясымен сырқаттану жағдайы тұрақтанбай, вирус жұқтыру деңгейі әлі де жоғары болып тұрғанын баяндады.

Өңірлердің көбі "қызыл" аймақта тұр. Аурудың ең көп өсімі Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Кәсіпкерлерге қатысты карантиндік шектеулердің төмендегенін ескере отырып, Үкімет басшысы «Атамекен» ҰКП-ға бизнеспен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша әлеуметтік жауапкершілік мәселесін пысықтауды тапсырды.

Кәсіпкерлер жұмысына аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сауда немесе тамақтану орындарында, өндіріс алаңдарында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қатаң сақталуы керек. Мұны бизнестің өзі қадағалауы тиіс, өйткені әлеуметтік жауапкершілік, бірінші кезекте, бизнестің өзі үшін қажет.ҚР премьер-мнистрі Әлихан Смайылов

Премьер-министр елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, барлық оқу орындарында санитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді, халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстарын барынша күшейтуді тапсырды.

Бұған дейін берілген тапсырмаларға қарамастан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында екпе алуы тиіс халықтың жартысы ғана вакцина салдырған. Сондай-ақ ел астанасы мен Алматыда және Маңғыстау облысында ревакциналау қарқыны жақсарған жоқ.

Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысын жақсы мысал ретінде келтірді, онда вакцинамен қамту 100%-ға, ревакциналау 80%-ға жеткен, сондай-ақ Жамбыл облысында вакцинамен қамту 100%-ға жуықтаған, ал халықтың 66%-ы ревакциналанған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: