Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ-өзбек кәсіпкерлері 661 млн долларды құрайтын құжаттарға қол қойды

Келіссөз, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 20:04 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Өзбекстанға жұмыс сапары аясында ӨР Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесіп, ӨР Премьер-министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Премьер-министрі Смайылов Мирзиеевпен кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қарым-қатынас өзара сенімге және түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жарқын көрінісі екенін атап өтті.

Сіздің өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз Қазақстан мен Өзбекстанның кең ауқымды ынтымақтастығын дамытуға үлкен серпін берді. Екі елдің үкіметтері Сіздің және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру мақсатында белсенді жұмыс істеп жатыр. Біздің одақтастық қатынастарымыздың қуатты әрі орнықты экономикалық платформасын құруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Әлихан Смайылов

Келіссөз, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 20:04

Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі өзара ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтті.

Өзбекстан – Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 33%-ға артып, 4,3 млрд долларды құрады.

Таяу жылдары аталған көрсеткішті 5 млрд долларға дейін ұлғайтып, орта мерзімді перспективада 10 млрд долларға жеткізу жоспарда бар. Қазақстан мен Өзбекстанда 3 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

ҚР Премьер-министрі машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және өңдеуші сектордың басқа да салаларындағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының жоғары серпінін атап өтті.

Автомобиль жасауда, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде және тоқыма саласында 5 бірлескен жоба іске асырылып жатыр. Құрылыс индустриясы мен машина жасауда 365 млн доллар жуық сомаға 7 жоба пысықталуда.

Елдер арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі президенттердің арнайы өкілдерінің тетігі енгізілді.

Екі елдің шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жобасын іске асыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Ә.Смайыловтың Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Ариповпен келіссөзі барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік-көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тоқыма, автомобиль жасау, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың көптеген мәселелері талқыланды.

Келіссөз, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 20:04

Сурет: primeminister.kz

Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайына және Қазақстан Республикасының оңтүстіктегі өңірлеріндегі суармалы жерлерді вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Сапар қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында орта мерзімді перспективаға арналған екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасына қол қойылды. 

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК АҚ өзбек тарапындағы әріптесімен Өзбекстан Республикасынан көкөніс өнімдері мен картопты сатып алуға шекті келісімшарт жасасты.

Инвестиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 20:04

Сурет: primeminister.kz

Екі елдің іскер топтарының өкілдері машина жасау, АӨК және логистика салаларында жалпы сомасы 661 млн долларды құрайтын бірқатар коммерциялық құжатқа қол қойды. Ташкент қаласына сапары аясында ҚР Премьер-министрі өнеркәсіптік, техникалық, электрондық, құрылыс және тұрмыстық өнімдер шығаратын «Технопарк» өндірістік аймағының жұмысымен танысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: