Қазақстан мен РФ вакциналау паспорттарын өзара тану мәселесін қарастырып жатыр
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресейлік әріптестерімен бірлесіп вакцинация туралы құжаттарды тану шарттары мен тәртібін, ақпараттық жүйелердің техникалық мүмкіндіктері мен жұмысын қарастырған болатын.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК қазіргі уақытта COVID-19-дан вакцинацияланған және ауырып жазылған адамдар туралы мәліметтер алмасу бөлігінде ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүріп жатқанын хабарлайды.
Осы мәселе бойынша тараптар арасында түбегейлі келіспеушіліктер жоқ.
Естеріңізге салатын жайт, Ресей Федерациясымен вакциналау паспорттарын өзара тану қажеттілігі мәселесі бірнеше рет жоғары деңгейде көтеріліп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екіжақты тәртіпте, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО алаңдарында талқыланды.