Үкімет кірме жолдардың тарифтері мәселесін талқылады
Үкімет мұндай қызметтердің объективті құнын анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осылайша, талдау барысында уәкілетті органдар 86 табиғи монополия субъектісін анықтады, олар бойынша көрсетілген қызметтер құнының сенімділігіне қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады, делінген primeminister.kz сайтында.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде бірқатар субъектілердің тарифтері төмендетілді. Мысалы, «Кнауф» (Алматы облысындағы құрылыс материалдарын өндіруші) және «Қазхром» АҚ (Ақтөбе облысындағы феррохром өндіруші) қызметтерінің құны вагон/км 2 117,98 теңгеден 147,3 теңгеге дейін төмендетілді.
Бұл шаралар тасымалдау шығындарына және осы компаниялардың өнімдерінің соңғы құнына оң әсер етеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 1 ақпанынан бастап еліміздің бірқатар облысында (Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары) кірме жолдарды ұсыну бойынша қызмет көрсететін 21 субъектінің тарифтері төмендетілді. Үкімет бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыратын болады.