Ерлан Тұрғымбаев отставкаға кетті ме – ІІМ жауап берді
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Ведомство ІІМ басшысының жұмыстан босатылғаны туралы ел арасында тараған қауесетке жауап қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған қазақстандық Telegram арналарында Ішкі істер министрінің отставкаға кететіндігі туралы хабарламалар себеп болды.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы қалыпты жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрі қызметін 2019 жылдың 12 ақпанынан бері атқарып келеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript