Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет пен Ұлттық банк дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірледі

Ұлттық банк, Үкімет, дағдарысқа қарсы жоспар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2022 12:14 Сурет: primeminister.kz
Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасына қатысты ықтимал теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға қарсы шұғыл әрекет ету мақсатында Үкімет пен Ұлттық банк Бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкімет Дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыруда. Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылықты қолдау үшін шаралар қабылдайды. Бұл Іс-қимыл жоспары инфляцияны бақылауға және валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтауға, жұмыспен қамтуды қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шараларды қамтиды.ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Атап айтқанда, қаржы нарығының тұрақтылығын және теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйақы есептеуді көздейтін Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады.

Экономикалық саясаттың әлеуметтік бағыттылығын ескере отырып, халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттерін іске асыруда ең алдымен ауылдық елді мекендерге, моно- және шағын қалаларға, елорда мен республикалық маңызы бар қалалар төңірегіне баса назар аударылады.

Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді айналымға қосымша тарту арқылы ауыл шаруашылығы кооперациялары мен отбасылық шаруашылықтарды дамытуға жағдай жасалады.

Жалпы, ауылдарды, моно- және шағын қалаларды, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардың шеткері аймақтарын дамытуға биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы, Өңірлерді дамытудың кешенді жоспары және басқа да бағдарламалар аясында республикалық бюджеттен 200 млрд теңгеге дейінгі қаражат бағытталады.

Өнеркәсіпті мемлекеттік қолдаудың негізгі бөлігі өнімділігі жоғары кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға және дамытуға арналады.

Ел экономикасын индустрияландыру және инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы импорттық тауарларды алмастырудың маңызы зор. Бұл ретте мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға өз жұмыскерлерінің еңбекақысын, оның ішінде еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы көбейту бойынша қарсы міндеттемелер жүктеледі.

Осы мақсатта биыл «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын, атап айтқанда, кредиттерді субсидиялауды және кепілдендіруді қаржыландыру едәуір ұлғайтылады.

Бұдан басқа, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру үшін саланы субсидиялау жүйесінің жаңа тәсілдері әзірленуде.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін ұлғайтуға және қайта тереңдете өңдеуге бағытталған жобалар басымдықпен қолдауға ие болады.

Бизнеске түсетін артық әкімшілік жүктемені жою көзделген. Жыл соңына дейін басым салаларда мемлекеттік органдардың 420-дан астам реттеу актісі қайта қаралады.

Кәсіпкерлерге қойылатын талаптарға тексеру жүргізу басқа салалар бойынша да жалғасады. Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырады.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын сақтау және арттыру – Үкіметтің бірінші кезектегі міндеті. Барлық күш-жігер осы міндетті іске асыруға жұмсалады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: