Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет үйінде Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті

ҚР премьер-министрі, үкімет отырысы, жедел штаб, Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 21:22 Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
ҚР Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында көлік және сауда бойынша бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-Министр қазақстандық жүктердің транзиті бойынша Әзербайжанмен және Грузиямен келіссөздер нәтижелерін ескере отырып, жедел шаралар қабылдауды және баламалы көлік дәліздерін пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Осы орайда Ә. Смайылов қазақстандық жүктерді тасымалдау тарифтерін төмендетудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар сыртқы сауда жағдайларының өзгеруіне, оның ішінде ұлттық валюта бағамының ауытқуына, шетелдік шикізат, материалдар мен тауарларды жеткізу тізбектерінің өзгеруіне байланысты 140-қа жуық өтініш қаралды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сұлтановтың айтуынша, бизнес өкілдерінің өтініштерін нақты пысықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, цемент саласындағы, жеңіл өнеркәсіптегі, аккумуляторлар, кабель-өткізгіш өнімдерін өндіруші 16 қазақстандық кәсіпорнының проблемалық мәселелері қаралды.

Қазақстандық өндіруші-экспорттаушыларды қолдау және ынталандыру үшін Үкімет қажетті қаржылық және сервистік қолдау шараларын көрсетеді. Қазіргі уақытта 1,5 млн тоннадан астам азық-түлік көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры қалыптастырылды.

ҚР премьер-министрі, жедел штаб, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 21:22

Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сауда желілері одағының ақпаратына сәйкес, сауда орындарындағы қор халықтың таяу уақыттағы қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Өндірісте импорттық тауарларды пайдаланатын өндірушілердің экономикалық белсенділігін қолдау, сондай-ақ ішкі нарықты азық-түлікпен толықтыру үшін Премьер-Министр экономикаға әсер ететін тауарларға импорттық кедендік баждарды алып тастау мәселесін қарастыруды тапсырды.

Жедел штабтың келесі отырысы 10 наурызда өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: