Қазақстан Украинаға 82 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Сурет: Zakon.kz
Үкімет жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украинаға жалпы құны 2 251 445 АҚШ доллары болатын 25 түрлі медициналық дәрі-дәрмек жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР СІМ гуманитарлық қызмет – Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының маңызды бағыты екенін атап өтті.
Еліміз түрлі себептерге байланысты күрделі гуманитарлық жағдайға тап болған мемлекеттердің халқына әрқашан мүмкіндігінше көмек көрсетуге ұмтылады. ҚР СІМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ ведомство өкілдері басқа мемлекет ресми өтініш білдірген жағдайда Қазақстан дәстүрлі түрде гуманитарлық көмек көрсететінін атап өтті. Украина тарапынан осындай өтініш түскеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді.
Гуманитарлық көмектің салмағы – 82 тонна. Қазіргі уақытта аталған жүкті межелі жерге жеткізу мәселесі пысықталуда. Жүкті Украина аумағына тікелей жеткізу мәселесі қауіпсіздік тұрғысынан өте қиын болып тұр. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі Украинаға жіберілген халықаралық гуманитарлық көмекті алу және бөлу хабтары орналасқан көршілес мемлекеттермен келіссөз жүргізіп жатыр.ҚР СІМ баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript