Жаңалықтар тізбегі
0

Үкіметте әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру шаралары баяндалды

ҚР Сауда және интеграция министрлігі, азық-түлік, әлеуметтік маңызы бар тауарлар, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 10:00 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру бойынша қандай шаралар қабылданатынын ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Баттақов 18 наурыз күні өткен Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде азық-түлік тауарларының 1,3 миллион тонна қоры бар. Вице-министрдің айтуынша, бұл халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті.

Сонымен қатар ведомство өкілі бағаның негізсіз өсуіне және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін республикалық және жергілікті атқарушы органдар дүкендердің сауда үстемесін сақтау бойынша тұрақты тексеру жүргізетінін айтты.

Бұған қоса ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландырудың жалпы көлемі 140 млрд теңгеге дейін арттырылатынын атап өтті.

Айналым схемасы шеңберінде сатып алуды қаржыландыру 54,6 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Ал тұрақтандыру қорларын есепке алатын болсақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландырудың жалпы көлемі 140 млрд теңгеге дейін жеткізіледі. ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Баттақов

Жиын барысында вице-министр бағаны тұрақтандыру құралдарын жетілдіру мақсатында әзірленіп жатқан шараларға тоқталып өтті.

Министрлік үкіметке әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алу көлемін ұлғайту үшін 3 бағыт бойынша тауарлар бөлінісінде азық-түлік сатып алуды ұсынды

  • ұзақ мерзімді сақтау тауарларын тұрақтандыру қорларына тікелей және форвард арқылы сатып алуды ұсынамыз

  • айналым схемасы шеңберінде көкөністерді, етті, сүт өнімдерін және күнбағыс майы сатып алынады

  • ұн және нан өндірісін арзандату үшін бидайды «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» арқылы сатып алу ұсынылады.

Баттақовтың айтуынша, «бұл тәсілдер азық-түлікті қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» .

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: