Жаңалықтар тізбегі
0

Үкіметте Қытаймен шекарада жүктердің өткізілуіне қатысты мәселе талқыланды

ҚР премьер-министрі, үкімет, Қазақстан-Қытай шекарасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 15:13 Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтанда ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар Қытаймен шекарада жүктердің әрі-бері өтуіне қатысты мәселені талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсының жазуынша, қазіргі таңда Қазақстан-Қытай шекарасында бес автомобиль және екі теміржол өткізу пункті, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО» АҚ кеден бекетінің жүк терминалы жұмыс істейді.

Автомобиль көлігі бойынша биылғы үш айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік құралдарының саны 123%-ға (6,3-тен 14,0 мың КҚ-ға дейін) өскен, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар кедендік құн индексі (КҚИ) және кедендік төлемдер индексі (КТИ) бойынша оң динамика бар: КҚИ көрсеткіші 75%-ға өсті (ҚХР-дан импортталатын тауарлар бойынша 1 кг үшін 4 доллардан 7 долларға дейін), КТИ көрсеткіші екі есе – 264 теңгеден 561 тг/кг дейін өсті.

«Нұр жолы» шекарадағы өткізу пунктіне келер болсақ, тауар тасымалдауды ұйымдастырушы ретінде жұмысын бастаған «KTZ Express» АҚ арқасында оның өткізу қабілеті күніне 10-нан 47 АКҚ-ға дейін артты. Бұл орайда бір тасымал құны $4500-ден $2050 дейін төмендеді. Қолма-қол ақшалай өзара есеп айырысу алынып тасталды, бұл қаражатты көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар электрондық кезек бойынша пилот іске қосылды.

«Қорғас» ШЫХО-да жыл басынан бері арнайы кран арқылы 61 КҚ ауыстырып тиелді. Бұл ретте тариф екі есеге төмендетілді.ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Отырыс барысында өткізу пункттерінде кептеліс жоқ және жағдай тұрақты екендігі атап көрсетілді.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов статистикалық сәйкессіздіктерді болдырмау үшін тиісті ведомстволарға импорт пен экспортқа қатысты деректерді өзектендіруді, сондай-ақ өткізу пункттерінде МКК, ҰҚК ШҚ және ҚТЖ-Экспресс ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ бірқатар өзекті мәселе талқыланды.ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: