Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жаңа басшыны таныстырды

Смаилов пен Дүйсенова, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2022 13:57 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Тамара Дүйсенованы таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында Үкімет басшысы қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын айтты.

Үкімет халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындауы керек. Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету, еңбек дауларының алдын алу бағытында тиімді жұмыс жүргізу қажет. Алға қойылған барлық тапсырма уақытында және сапалы орындалуға тиіс.Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Т. Дүйсенованың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 20 жылдан астам уақыт бойы басшылық қызметтерде болғанын, елімізде еңбек қатынастарын қалыптастырып, әлеуметтік саясатты нығайтуға зор үлесін қосқанын атап өтті.

Тамара Босымбекқызы – ең тәжірибелі, іскерлік қабілеті өте жоғары басшылардың бірі. Жаңа министр Мемлекет басшысының сенімін ақтап, Министрліктің жұмысына жаңа серпін береді деп ойлаймыз.Премьер-Министр

Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында орта мектепте информатика пәні мұғалімі болып бастады. 2014 жылдан 2017 жылға дейін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі лауазымын атқарды. 2017-2018 жылдары — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2020 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: