Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жеке куәлік беру процесін автоматтандыру жоспарланып жатыр

Бірлескен кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 20:35 Сурет: Polisia NEWS
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бірлескен кеңесі аясында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚКО мен қалалық ХҚКО-да болып, қызметтерді цифрландыру барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлер мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін беру, автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін дайындауға тапсырыстарды автоматтандыру процесімен танысты. Биометрия технологияларын қолдану мен жаңа тәсілдің арқасында жүргізуші куәлігін алу процесі барынша ашық болады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.

Жобаны таныстыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 20:35

Сурет: Polisia NEWS

№1 ХҚКО-да «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы Сүйеніш Әбділдин жеке куәлік беретін автоматтандырылған терминалды көрсетті. Терминал биометриялық жүйемен жабдықталған, суретке түсіру функциясы бар, интерфейсі де түсінікті. Сол арқылы куәлікті алуға өтініш беріп, суретке түсіп, қолтаңбаңыздың үлгісін қалдырып, QR-кодпен мемлекеттік бажды төлеуге болады. Мұндай терминалдар ХҚКО қызметкерлерінің жүктемесін азайтып, құжатты ресімдеу процесін жеделдетеді.

Осы тәсілді пилоттық режимде енгізу мәселесі пысықталуда.

Біріккен кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 20:35

Сурет: Polisia NEWS

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: