Қазақстанда прокуратураның жұмысы қайта қаралуы мүмкін
Әзірлеушілер атап өткендей, қазіргі заманғы сын-қатерлер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуді және жоғары қадағалау органын жаңғыртуды, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуды талап етеді.
«Прокуратура туралы» жаңа заңда заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пәрменді құралдар мен тетіктерді бекіту жоспарланған.
Атап айтқанда, прокурор актілерінің қолданыстағы жүйесін тәртібі қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларымен реттелетін қылмыстық қудалау саласындағы актілермен толықтыру ұсынылады. Бұл ұсыныстар қолданыстағы заңнамаға енгізілген жаңалықтарға қатысты.
Институционалдық өзгерістермен қатар прокурорлық қадағалау актілерінің жүйесін кеңейту ұсынылады. Бұл актілер азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін жылдам қорғау мақсатында (мысалы, жалақы төлемеу фактілері бойынша және т.б.) оларды жою кейінге қалдыруға болмайтын айқын сипаттағы заң бұзушылықтарды жою үшін пәрменді болуға тиіс.
Сонымен қатар прокуратура қызметінің құқықтық кепілдіктерін күшейту жоспарланған.
Әзірлеушілердің айтуынша, қолданыстағы заңнама прокуратураның конституциялық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Сондай-ақ тексеру жүргізу және тағайындау тәртібін қайта қарау қажет.
Құжат 16 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.