Жаңалықтар тізбегі
0

Роман Скляр Қазақстандағы неміс компанияларымен экономикалық ынтымақтастықты талқылады

үкіметтегі жиын, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2022 18:31 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Қазақстанда жұмыс істейтін неміс бизнесінің жетекшілері кездесіп, онда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру барысы мен Қазақстан-Германия экономикалық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жоспары талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараға Linde Gas, SIEMENS, Bayer, WILO Central Asia, Lufthansa Group және т.б. неміс компаниялары қатысты. Кездесуде экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, машина жасау, металлургия, энергетика, тау-кен металлургия кешені мәселелері талқыланды.

Неміс әріптестер әлемдік нарықтың тұрақсыздығы жағдайында Қазақстан бизнесті дамыту және жаңа инвестициялар үшін тартымды елге айналып келе жатқанын атап өтті. Осылайша, Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Ховсеп Восканян Қазақстандағы іскерлік ахуалдың қолайлы деңгейін, сонымен қатар неміс бизнесі президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан институционалдық реформаларды қолдайтынын айтты.

«Siemens» ЖШС бас директоры Диас Асанов компания қазірдің өзінде республикамызда цифрлық трансформациялау бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асырып жатқанына тоқталды. Болашақта Siemens көлік саласында инновациялық шешімдерді енгізу бойынша инфрақұрылымдық және технологиялық әріптес ретінде осындай жобаларға қатысуға мүдделі.

Өз кезегінде «Байер KAZ» ЖШС бас директоры Лаума Вальтере Үкіметтің назарын және ашық диалогқа әрқашан дайын екенін атап өтті, бұл бизнес климатты одан әрі жақсартуға ықпал етеді. Л. Вальтере жаңа инновациялық препараттарды сертификаттау тетігін өзгертуді ұсынды.

Тау-кен металлургия кешені жобаларын демонополизациялау мәселелерін «thyssenkrupp Industrial Solutions» ЖШС бас директоры Роман Карл көтерді. Компания тау-кен, цемент және химия өнеркәсібіндегі өнімдер мен қызметтердің кең спектрін ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Келіссөздер тараптардың одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделілігі мен дайындығын көрсетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: