Смайылов: Татулық пен тұрақтылық — мызғымас Тәуелсіздігіміздің негізгі қағидасы
Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов баршаны 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қымбатты отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл күн баға жетпес байлығымыз — тыныштық пен береке-бірліктің, ырысты ынтымағымыздың мерекесі. Татулық пен тұрақтылық — мызғымас Тәуелсіздігіміздің негізгі қағидасы. Әлихан Смайылов
Сондай-ақ ол баршаға зор денсаулық, еңбектеріне табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тіледі.
Қоғамда келісім, жасампаз еңбек және өзара құрмет болған кезде кез келген қиындықты еңсеруге болады. Біздің жетістіктеріміз ынтымағы жарасқан ұлттар мен ұлыстардың өзара достығы мен береке-бірлігінің арқасында мүмкін болды. Әлихан Смайылов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript