Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов Каспий порттарының транзиттік әлеуетін белсенді пайдалануды тапсырды

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2022 21:26 Сурет: primeminister.kz
Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне назар аударып, бірқатар өндірістік инфрақұрылымдар мен туристік нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары көрнекті саяси және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталықтан басталды.

Әлихан Смайылов жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жаңа мәдени орталықтың жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2022 21:26

Сурет: primeminister.kz

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы өңір тұрғындарын сумен жабдықтайтын маңызды көздердің бірі «Каспий» тұщыландыру зауытына барды.

Бүгінгі таңда зауытта кеңейту жобасы аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл тәулігіне судың өнімділігін 40 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«Сумен жабдықтау – аймақ үшін, әсіресе жазғы кезеңде, ең өзекті мәселелердің бірі. Жылдан жылға тұщытқыш қондырғылар қуатының жетіспеушілігі сезіледі. Осыған байланысты Үкімет зауыттың өнімділігін екі есе арттыру үшін оны жаңғыртуға 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауына алынған. Барлық жұмысты сапалы әрі уақытында жүргізу қажет», — деді Премьер-министр.

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2022 21:26

Сурет: primeminister.kz

Содан кейін Әлихан Смайылов Қазақстандағы аммиак және аммиак селитрасын өндіретін жалғыз кәсіпорын – «ҚазАзот» АҚ-ға барып, онда жаңа бейтараптандыру және буландыру бөлімшесін іске қосу рәсіміне қатысты.

Премьер-министр Үкімет еліміздің өнеркәсіптік дамуын ынталандыру бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқанын айтты.

Сондай-ақ Премьер-министр жұмыс сапары барысында Каспий теңізінің шығыс жағалауында бірнеше халықаралық көлік дәліздерінің қиылысу нүктесінде орналасқан Ақтау теңіз сауда портына барды.

«Маңғыстау облысының халықаралық маңызы бар, ауқымды көлік-логистикалық және инфрақұрылымдық-сервистік әлеуеті зор. Алайда еліміздің теңіз порттарының мүмкіндіктері толық пайдаланылмайды, ал жүктеме орта есеппен 21%-ды ғана құрайды. Бұл жағдайды өзгерту қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі “Қазақстан темір жолы” АҚ-мен бірлесіп, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша экспорттық жүктерді бағыттау арқылы Ақтау және Құрық теңіз порттарының жүктемесін ұлғайту мәселесін пысықтауы қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Өндірістік нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2022 21:26

Сурет: primeminister.kz

Сондай-ақ, Премьер-министр өңірдегі туристік аймақ объектілерінің, оның ішінде Aqualina Resort курорттық-қонақ үй кешенінің, Double Tree by Hilton қонақ үйінің және сауда нүктелері бар Fairmont қонақ үйінің құрылыс барысымен танысты.

Жаңа нысандардың іске қосылуының арқасында аймаққа туристер ағынын екі есеге арттырып, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2022 21:26

Сурет: primeminister.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: