Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов Ақмола облысын дамыту жөнінде тапсырма берді

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2022 22:36 Сурет: primeminister.kz
Ақмола облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы Ақмола облысы еліміздің маңызды аграрлық-өнеркәсіптік өңірлерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ мұнда молибден өндірісі, химия өнеркәсібі, машина жасау және басқа да салалар қарқынды дамып келеді, делінген prememinister.kz сайтында.

Кеңес барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, білім және ғылым вице-министрі Ғани Бейсенбаев баяндама жасады.

Баяндамашыларды тыңдаған ҚР Премьер-Министрі 2022 жылы Ақмола облысын дамытуға 118 млрд теңге қарастырылғанын айтты. Сонымен қатар республикалық бюджетті нақтылау аясында қосымша 52,2 млрд теңге бөлінді.

Бұл шығыстар автомобиль жолдарын реконструкциялау мен жөндеуге, инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына, тұрғын үй құрылысына, денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға, білім беруді дамытуға, Жібек жолы ауылындағы қосалқы станцияны реконструкциялауға және т. б. бағытталып отыр.

Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, Есіл өзенінің арнасын тереңдетуге, кәсіпкерлікті несиелеуге және нәтижелі жұмыспен қамтуға қосымша қаражат бөлінді.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов облыстың бірқатар өзекті мәселесіне назар аударды.

Премьер-Министр облыста жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы шамамен 14%-ға өскенін айтты. 

Азық-түлік тапшылығы мен қымбатшылықтың негізсіз орын алуына жол бермеу үшін жүйелі жұмыс жүргізу керек. Бұл мәселе бойынша тұрақты түрде жиналыстар өткізіліп, барлық қажетті құралдар мен механизмдер қабылданып отыр. Облыс әкімдігі оларды іс жүзінде қолдануы керек. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов

Кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2022 22:36

Сурет: primeminister.kz

Бұған қоса Премьер-министр әкімдікке үстеме бағаларды бақылауды күшейтуді (15%-дан аспауы тиіс), еліміздің оңтүстіктегі өңірлері мен таяу шетел фермерлерімен ерте пісетін көкөністерді жеткізуге тікелей шарттар жасасуды, сауда желілерімен жұмыс істеу кезінде «айналым схемасы» тетігін пайдаланудың тиімділігін арттыруды және форвардтық механизм арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді тапсырды.

Әлихан Смайылов өңірдің экономикасын әртараптандыру – өте өзекті мәселе екенін атап өтті.

Бұл үшін биыл өңірде жеке инвестициялар есебінен жалпы құны 273 млрд теңгені құрайтын 169 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, алтын шығару фабрикасы, жел электр станциясы, бройлер құс фабрикасы және кірпіш зауыты іске қосылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар әкімдік Көкшетауда ЖЭО және көпсалалы аурухана салу, Бурабай ауданында курорттық аймақ, Аршалы ауданында жел электр станциясын, сондай-ақ Зеренді ауданында құс фабрикасын және құрама жем зауытын салу секілді 1 трлн теңгеге 135 жобаны пысықтап жатыр.

«Жоспарланған жобалардың бәрін уақытылы іске қосып, жаңа жобаларды сапалы түрде пысықтау қажет. Әкімдік бұл мәселелерді ерекше бақылауда ұстағаны жөн», — деді Әлихан Смайылов.

Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-министр орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігіне тағы да бірқатар тапсырма берді: атап айтқанда, республикалық дейгейдегі жолдардың нормативтік жай-күйін кемінде 88%, ал, жергілікті жолдарды кемінде 87%-ға жеткізуді қамтамасыз ету, Кенжебай және Рахымжансай жерасты сулары кен орындарынан су құбырын тарту жобасын пысықтау, Степногорск қаласының магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Сондай-ақ «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында жаңа мектептер салу, Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 Ақмола көпбейінді ауруханасын және Көкшетау қаласындағы Көпбейінді облыстық балалар ауруханасын қайта жаңарту және заманауи жабдықтармен жарақтандыру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

«Біз күш-жігерімізді біріктіріп, жұдырықтай жұмылып, Ақмола облысының дамуына тың серпін беруіміз керек. Халықтың әл-ауқатының өсуі, өмір сүру сапасының жақсаруы осыған тікелей байланысты», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Ақмола облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2022 22:36

Сурет: primeminister.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: