Биыл бидай бітік шыға ма – Ауыл шаруашылығы министрі жауап берді
Сурет: pixabay
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі астық түсімі орташа жылдық көрсеткіш деңгейінде болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Өткен жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты егін түсімі жылдағыдан төмен болды. Биыл болжамдарыңыз қандай? – деп сұрады үкімет басшысы Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы министрінен.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев сауалға жауап бере отырып, биылғы жылғы астық орташа жылдық көрсеткіш деңгейінде болатынын айтты.
Биыл көктемгі егіс жұмыстарын біз оңтайлы мерзімде аяқтадық. Топыраққа жиналған ылғалды сақтау бойынша жұмыстар да уақытылы толықтай атқарылды. «Қазгидрометтің» маусым айындағы болжамы бойынша ауа райы қолайлы болады. Осы факторлардың барлығын ескере отырып, биылғы жылы астық түсімі орташа жылдық деңгейде болады деп болжап отырмыз. Бидайды алатын болсақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжауы бойынша, бидайдың түсімі 13-13,5 миллион тонна болады. Жауын жауса, былтырғы жылдан кемінде 15 пайыздай артық болады. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев
Министр 7 маусымдағы жағдай бойынша Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарынан басқа барлық облыстарда дәнді дақылдарды егу жұмыстары аяқталғанын атап өтті.
Егіс жұмыстары жауын-шашынның көп болуына байланысты кешіктірілді, оны осы аптаның соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript