Нұр-Сұлтан – Алматы автожолының реконструкциясы қашан аяқталады
Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын байланыстыратын Орталық – Оңтүстік халықаралық транзиттік дәлізінің бір бөлігі Қарағанды – Балқаш – Сарышаған автожолын (1492,4-2005 км учаскесі) реконструкциялау барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаевтың айтуынша, жобаны 2023 жылдың желтоқсанында толық аяқтау жоспарланған, деп жазды үкіметтің ресми сайты.
Оның айтуынша, 2022 жылы жол жамылғысының құрылымдық қабаттарын төсеу, жасанды құрылыстарды монтаждау және жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жалғасады.
Сурет: primeminister.kz
Мәселен, республикалық маңызы бар Қарағанды – Балқаш және Балқаш – Бурылбайтал және т.б. автожолдарда кең ауқымды жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар барлық 8 учаскеде қайта басталды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев
Реконструкциялау жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл трассалар төрт жолақты І техникалық санатқа сәйкес келетін болады.
Жоба жол жүру уақытын айтарлықтай қысқартып, қауіпсіз және жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді. Жаңартылған автожол Балқаш көлінің туристік кластерін дамытудың драйверіне айналады және жаңа жұмыс орындарын құруға ынталандырады.Әлихан Смайылов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript