Елімізде кеспе, күнбағыс майы, сүзбе мен қант қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құны 0,2%-ға өсті. Түтік кеспе (+2,1%), күріш, күнбағыс майы және тұз (+1,3%), ұн, сүзбе және қант (+0,6%) бағалары едәуір өсті. Көкөніс өнімдері – пияз (-4,6%), картоп (-1,8%), қырыққабат (-1,7%) және сәбіз (-1,5%) бағасы төмендеді, – делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев облыстардағы сауда үстемесі жөніндегі комиссиялар мен мониторингтік топтардың жұмысы туралы мәселені көтерді. Ол комиссиялардың жұмысын толығымен қайта қарап, азық-түлік бағасының қалыптасуына тікелей әсер етіп отырған арадағы делдалдарды анықтауға жұмылдыруды ұсынды.
Әкімдер мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы ақпаратын тыңдаған Серік Жұманғарин алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгіледі.
Біз негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілер қауымдастықтарымен кездесу сессиясын өткіздік. Айналым қаражатын қаржыландыру және бөлу схемасын қайта қарайтын боламыз, ӘМАТ-тың бес атауы бойынша өндірушілермен тікелей келісімшарт жасасу схемасына көшуді жоспарлап отырмыз. Біздің міндетіміз – тапшылыққа жол бермеу және негізгі азық-түлік өнімдері бағасының өсу қарқынын төмендету. Ең бастысы – толық бақылауды, оның ішінде өңірлік комиссиялардың қызметін бақылауды қамтамасыз ету. Делдалдарды анықтау бойынша өңірлік комиссиялар құру – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Олардың жұмысын Сауда және интеграция министрлігінің өңірлік бөлімшелерінің ресурстары есебінен күшейту қажет. Бұл жұмысты Сауда комитетіне тапсырамын, – деді Серік Жұманғарин.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript