Тілеуберді мен Лавров екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйін талқылады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР СІМ баспасөз қызметі нақтылап өткендей, министрлер жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін, екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшыларының жақында Сочи қаласында өткен кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мәселелері қарастырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript