Әлихан Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келіп жетті
Сурет: Telegram/UKIMET
19 қыркүйекте ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Үкімет басшысының Абу-Даби қаласында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен және елдің іскер топтар өкілдерімен кездесулер жоспарланған, делінген ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ Үкімет басшысының бұл сапары барысында бірқатар мемлекетаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылады деп күтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript