Елімізде өрт сөндірушілердің жалақысы келер жылдан бастап 40 пайыз өседі
Сурет: Zakon.kz
Өрт сөндірушілердің жалақысын 2023 жылдан бастап 40 пайызға көтеру жоспарланып отыр. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі бұл мәселені Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп пысықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы 2019 жылы өрт сөндірушілердің жалақысы 65 пайызға, кейін тағы 10 пайызға көтерілгенін айтты. Биыл тағы 3% өсті.
Өрт сөндірушілердің 2019 жылы алған 65 мың теңге жалақысы бүгінде бірінші жылы еңбек өтілінсіз және үстемеақысыз 109 мың теңге шамасында. Қазір мемлекет басшысы мен премьер-министрдің тапсырмасы бойынша біз Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен жалақыны кем дегенде 40 пайызға көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Нәтижелі болса, жаңа жылдан бастап көбейеді. Юрий Ильин
Төтенше жағдайлар министрі кулуарда Қостанай облысындағы алапат өртке себеп болуы мүмкін нұсқалардың бірін атады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript