Әлихан Смайылов: Қазақстан өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті
Сурет: primeminister.kz
Премьер-министрдің айтуынша, егін орағы аяқталып қалды. Түсім орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болады деп күтілуде. Жалпы 18 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкімет басшысы биыл да Қазақстан өзін астықпен толықтай қамтамасыз еткенін атап өтті.
Ендігі міндет – өнімнің сапасын төмендетпей, дұрыс сақтау. Сонымен қатар ішкі сұранысқа және экспортқа қажетті астық көлемін нақты бөліп қою керек. Өткен жылы орта есеппен гектарына 9,8 центнер өнім жиналса, биыл 13 центнерді құрап отыр, бұл 30%-ға жоғары. Бұл да болса – дихандарымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Осы іске атсалысқан ауыл еңбеккерлерін мол өнім жинауымен құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамыз.ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов
Осыған орай премьер-министр өңір әкімдеріне бірқатар міндет жүктеді.
Өңір әкімдері өнімнің астық қоймаларына уақытылы қабылдануын тұрақты бақылауда ұстасын. Келесі жылға қажетті астық тұқымын толығымен қамтамасыз ету керек.Әлихан Смайылов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript