Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның жиыны өтті
Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров қазіргі уақытта монополиялық жоғары баға қою, үстем жағдайды асыра пайдалану белгілері бойынша "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ ведомство "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-не қатысты сұйытылған мұнай газына монополиялық жоғары баға белгілеу және ауыстырып тиеу, сақтау қызметтері мәселесі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.
Премьер-министр осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды және оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындап, комиссия қарауына шығаруды тапсырды.ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
9 ақпанда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-ға қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды.
Қыркүйектің 23-і күні Агенттік кейбір қызметтердің қымбаттауына байланысты "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ-ға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.