Ресеймен арадағы шекарада Қазақстан азаматтары үшін жеке өткізу жолағы бөлінді
Сурет: Омбыдағы ҚР Бас консульдығы
Сенбі, 1 қазан күні, Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов көші-қонның өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов тиісті инфрақұрылымы бар өткізу пункттерінде Қазақстан азаматтары, жүк көлігі және шетелдіктер үшін жеке жол жолақтары бөлінгенін хабарлады.
Қазіргі кезде Қазақстан азаматтары үшін шекарадан өту бойынша проблемалар жоқ.Ерлан Алдажұманов
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 21-28 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясынан ел аумағына келген мигранттар қатарының әдеттегіден 2-3 есеге көбейгенін айтты.
Тек соңғы екі күнде бұл елден келушілер саны едәуір төмендей бастаған:
29 қыркүйекте 22,5 мың адам Ресейден келсе, 10,1 мың адам кері кеткен;
30 қыркүйекте – 14,9 мың адам Ресейден келсе, 11,6 мың адам кері кеткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript