Қазақстанда теміржол инфрақұрылымының бірқатар активі мемлекет меншігіне өтеді
Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет үйінде Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңдық және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.
Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, "Самұрық-Қазына" қорының және т. б. басшылары қатысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript