Еңбекке жарамсыздарға және асыраушысынан айырылғандарға төленетін төлемдер көлемі артады
Сурет: Zakon.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов "Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы" Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылдың 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2023 жылдың 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларында төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылсын", делінген қаулыда.
Қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript