Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет басшысы әкімдерге жылу беру маусымын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды

Жылу, жылыту маусымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 10:37 Сурет: Zakon.kz
Үкіметте Екібастұз қаласын жылумен қамту мәселесі қаралды. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов апатқа себеп болған барлық мәселені тез арада шешу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Екібастұз қаласында жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру керек. Апатқа себеп болған барлық мәселені тез арада шешу қажет. Энергетика министрлігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, "Екібастұзжылуэнерго" мекемесіндегі технологиялық ережелерді бұзуға қатысты тексеру жүргізсін", - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр қыс басталмай жатып, осындай төтенше жағдай болғанын, барлық әкім бұдан қорытынды шығаруға тиіс екенін айтты. Соған орай бірнеше тапсырма берді:

  • Энергетика және индустрия министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердегі энергетикалық объектілерге толықтай техникалық аудит жүргізіп, үкіметке тиісті ақпаратты енгізсін.

  • Жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру қажет.

  • «Апат қаупі» жоғары объектілер бойынша жабдықтары мен инфрақұрылымына ерекше назар аудару керек.

  • Барлық жылу және энергия жүйелерінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін осы объектілердің меншік иелерімен жұмыс жүргізу керек.

  • Ұлттық экономика, энергетика және индустрия министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында коммуналдық кәсіпорындардан келіп түсетін әрбір өтінімді мұқият зерттеуі тиіс.

  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын жаңғыртуға және жөндеуге бөлінетін қаражаттың нақты, мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алу керек.

  • Әкімдер жылу беру маусымын тұрақты жеке бақылауда ұстасын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: