Жаңалықтар тізбегі
0

Роман Скляр Екібастұздағы апаттың ықтимал себебін атады

Брифинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 20:25 Сурет: Zakon.kz
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы жылу желілеріндегі апат станция қызметкерлерінің қателігінен орын алуы мүмкін екенін айтты, соның салдарынан қысым күрт көтеріліп, қаланың әртүрлі аудандарында құбырлардың көптеп жарылуы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзда өткен брифингте ондаған көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының жылусыз қалуына түрткі Екібастұздың жылу желілері мен ЖЭО-дағы ауқымды апатқа байланысты жүргізіліп жатқан тергеудің алдын ала нәтижелерін жариялады.

"Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің алдын ала тергеу қорытындысы бойынша Екібастұздың әртүрлі аудандарындағы құбырлардың шұрқ тесілуіне желідегі қысымның бір мезгілде күрт өсуіне әкеліп соқтырған станция персоналының қате әрекеті болып табылады. Бұл көптеген ақаудың орын алуына әкеліп соқтырды. 27 қарашада бір уақытта құбырлардан 43 ақау анықталса, ал 28 қарашада тағы 30-ы анықталды. Мұндай апат Екібастұзда алғаш рет орын алды. Апат ЖЭО-да орын алған жоқ, ол жұмыс істеп тұрды. Апаттар жылу желілерінде болды. Көптеп құбырлардың жарылуы және үлкен мөлшерде судың ағып кетуі ЖЭО-дағы қазандықтардың автоматты түрде ажырауына әкеліп соқтырды". Роман Скляр

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарымен әлі айналысып жатыр.

Сонымен қатар, Роман Склярдың айтуынша, бүгін таңғы сағат 10-да Екібастұздың 5А ықшам ауданындағы жылу магистральдарындағы соңғы ірі ақау жойылды. Алайда, бүгін жылумен жабдықтау жүйесінің жұмыс режимінің бұзылуы және пәтер иелерінің жылыту жүйесінен суды өздігінен бақылаусыз ағызуы кесірінен ЖЭО 5А ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді жылу желісіне бірден қоса алмайды.

Қазірдің өзінде 5В ықшам ауданы мен 6 ықшам ауданының тұрғын үйлеріне кезең-кезеңмен жылу беру жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал бұл - 41 көпқабатты тұрғын үй. Ертең күні бойы 5А ықшам ауданының 17 тұрғын үйіне жылу беру жұмысын жүргізу жоспарланған.

Бірінші вице-премьер Екібастұздағы апатқа жауаптылардың барлығы жазасыз қалмайды деп сендірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: