Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов Астананың жаңа әкіміне бірнеше тапсырма берді

Жеңіс Қасымбек, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2022 18:07 Сурет: primeminister.kz
Астанада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеудің қатысуымен мәслихат депутаттарының жиналысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, жепутаттардың қарауына астана әкімі лауазымына Берік Жакенов пен Жеңіс Қасымбектің кандидатуралары ұсынылды. ҚР Президентінің тиісті хатын Әлихан Смайылов оқып берді.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 21 депутат Жеңіс Қасымбекті таңдаса, 7 депутат Берік Жакеновке дауыс берді. Жиналысқа барлығы 28 депутат қатысты.

Осыдан кейін елорда активімен өткен кездесуде Әлихан Смайылов қаланың белсенді түрде дамып келе жатқанын, тұрғындар санының 4,5 есе өскенін атап өтті. Құрылыс қарқыны да өсті: 2019 жылдан бастап 10 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.


"Осыған байланысты тұрғындарды сапалы ауыз сумен, электрмен, жылу қуатымен жабдықтау, әлеуметтік нысандарын жаңғырту мәселелерін шешу – жергілікті атқарушы биліктің алдына қойылатын басым міндеттер"  Премьер-министр Әлихан Смайылов

Оның айтуынша, жаңа тазарту құрылыстарының кешенін, бірқатар шағын электр станцияларын, ЖЭО-3 және газбен жұмыс істейтін бірнеше ЖЭС-ті іске қосу, тұрғын үй алаптарын абаттандыру бойынша жұмысты жандандыру, сондай-ақ барлық проблемалық тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтау қажет.

Әлихан Смайылов кейінгі жылдары Астананың әлеуметтік инфрақұрылымына, атап айтқанда, ауруханалар мен мектептерге жүктеме артқанын атап өтті. Осыған байланысты мемлекет осы мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мысалы, "Жайлы мектеп" жаңа ұлттық жобасы аясында елордада алдағы жылдары 44,4 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 24 мектеп ашылады.

Басқа маңызды бағыттар ретінде Премьер-министр тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, ірі инвестициялық жобаларды іске қосуды және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау керек екенін айтты.

Сонымен қатар Премьер-Министр сапалы азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту, өзекті экологиялық мәселелер мен нөсер кәріз жүйесінің жұмыс істеуі бойынша проблемаларды шешу қажет екенін айтты.

"Жергілікті атқарушы органдардың жұмысы халықпен нәтижелі диалог негізінде құрылып, өңірдің ары қарай дамуына және тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге бағытталуы керек", - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: