Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов бір ай ішінде "Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасын пысықтауды тапсырды

Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2022 11:02 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов Президент жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында интернет сапасын жақсарту, байланыс инфрақұрылымын және жаңа цифрлық өнімдерді дамыту жоспарлары туралы айтты.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қалалар мен ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу, республикалық және бірінші дәрежедегі облыстық жолдар бойында талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту/төсеу/монтаждау, сонымен бірге 5G желілерін енгізу бойынша кең ауқымды жұмыстар қарастырылған 2023-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын әзірлеу барысы туралы баяндады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту және  мемлекеттік статистиканы жүргізу мен мемлекеттік қызметтер көрсетудің дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық статистикалық тіркелімдерді енгізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мемлекеттік органдардың деректерін цифрландыру барысы туралы айтып берді.

Әлихан Смайылов бір ай мерзімде «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын пысықтап, оны басқа мемлекеттік органдармен келісуді тапсырды, сонымен бірге деректер базасын жаңғырту кезінде ақпаратты 100% қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Сонымен қатар отырыста ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеуге және ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жыл сайынғы тізімдемесін жүргізуге мүмкіндік беретін VET-Mobile мобильді қосымшасын енгізу мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің хабарлауынша, бұл қосымша ветеринар дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді және ол интернетсіз жұмыс істей алады, бұл шалғайдағы елді мекендер үшін аса маңызды.

Отырысқа қатысушылар екі мақсатта қолданылатын бағаналар жүйесін дамыту үшін қалалық коммуникациялық инфрақұрылымды (жарнама тақталары, шам бағаналары) пайдалану жөніндегі ұсынысты талқылады. Осы смарт-бағандар құрылысы халық тығыз орналасқан қалалық аудандарда интернет пен байланыс сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: