Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл ГРЭС-і жабдығының 82,3% тозған – Ақшолақов

ҚР Энергетика министрі Жамбыл облысының энергетика саласының ағымдағы жағдайы туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2022 17:47 Cурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Жаибыл облысындағы электр энергиясының негізгі көзі – "Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і" АҚ, оның жабдығының 82,3%-і тозған. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2022 жылдың 11 айында өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 4,2 млрд. кВтсағ құрады. Бұл ретте облыстың тұтыну көрсеткіші – 4,5 млрд кВт/сағ", - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесуінде сөйлеген сөзінде.

Облыста электр энергиясының негізгі көзі – "Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і" АҚ, белгіленген электр қуаты 1 230 МВт-қа тең, жабдықтың физикалық тозуы – 82,3%. 

Өңірдегі негізгі жылу көзі – "Таразэнергоцентр" АҚ (ЖЭО-4), белгіленген жылу қуаты 685 Гкал, жабдықтың физикалық тозуы – 92%.  

Облыстағы өңірлік энергия беруші компания  – "Жамбыл электр желілері" ЖШС, оның активтерінде 13,4 мың км кабельдік және әуе электр беру желілері, 2,8 мыңға жуық кіші станциясы бар. Желілердің тозуы 68,2% құрайды. 

Жоғары тозуды төмендету мақсатында "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасы қабылданады, ол энергия және жылу өндіруші ұйымдардың қолданыстағы активтерін реконструкциялауға, жаңғыртуға және кеңейтуге мүмкіндік береді.

"Жылу энергетикасы туралы" Заң қабылданады деп күтілуде, ол өңірлерді жылумен жабдықтау проблемаларын шешуге назар аударуға мүмкіндік береді. Заң аясында электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу мен сатуды, сондай-ақ нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықты енгізуді көздейтін нарықтың жаңа нысаналы моделіне көшу көзделген. Бұл шаралар энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді азайтуға және жаңа энергия көздерінен жоғары тарифтердің әсерін теңестіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жөндеу науқанына және инвестициялық бағдарламаларға қатаң бақылауды қамтамасыз ету бөлігінде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің рөлі күшейтілетін болады. 

2023 жылдың 1-тоқсанында еліміздің барлық ЖЭО аудиті аяқталады, бұл проблемаларды және олардың ағымдағы техникалық жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Болат Ақшолақов Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) қуаты бойынша республикада көшбасшы орында тұрғанын атап өтті.

Өңірде жалпы қуаты 442 МВт болатын 20 жаңартылатын энергия көздерінің объектісі, оның ішінде қуаты 251 МВт-тан асатын 6 күн электр станциясы, қуаты 176 МВт 9 жел электр станциясы және қуаты 15 Мвт 5 гидроэлектростанция жұмыс істейді. Бұдан басқа, 2025 жылға дейін жиынтық қуаты 133,8 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 3 объектісін іске қосу жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: