Смайылов "Самұрық-Қазына" активтерін сату жоспары туралы кеңес өткізді
Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатысушылар Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына өзгерістер енгізу, оның ішінде жоспардан бірнеше коммуналдық меншік кәсіпорындарын алып тастау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін сату жоспарлары қаралды.
Қаралған барлық мәселе бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript