Jusan Bank Әлихан Смайыловтың мәлімдемесіне жауап берді
Сурет: Jusan Bank баспасөз қызметі
Jusan Bank ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың мәлімдемесіне байланысты ресми түсініктеме жариялады.
Jusan Bank баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, мемлекеттік қолдау проблемалық Цесна Банк пен АТФ Банкке (Jusan тобы сатып алмас бұрын) сол кезде қаржы институттары өз клиенттері алдындағы міндеттемелерін орындауда елеулі қаржылық қиындықтарға тап болғанына байланысты көрсетілді.
Өз кезегінде, бенефициар ауысқанына қарамастан, Цесна Банк пен АТФ Банкке көрсетілген мемлекеттік қолдау сол уақытта ҚР басқа да екінші деңгейлі банктеріне (ары қарай – ЕДБ) көрсетілген мемлекеттік қолдау секілді қайтарымды екенін хабарлағымыз келеді. Тиісінше, қаражатты қайтару бойынша барлық міндеттемелер мирасқорларға өтті және қатаң түрде заңға сәйкес орындалады. Jusan Bank баспасөз қызметі
Айта кетсек, қазіргі уақытта Jusan Bank – Қазақстан Республикасының қаржы жағынан ең тұрақты ЕДБ-нің бірі.
Банк қаржы нарығының жауапты қатысушысы және мемлекеттік қолдауға ие болған жоғарыда аталған банктердің мирасқоры ретінде заңнамада белгіленген мерзімде мемлекеттік қолдау қаражатын қайтару бойынша проблемалық ЕДБ-дан берілген міндеттемелерді толығымен орындайды. Jusan Bank баспасөз қызметі
Jusan Bank өз қызметін банк қызметін туралы заңнаманың барлық талаптарына сай бола отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңының шеңберінде және қаржы реттеушілерінің қатаң қадағалауымен жүзеге асырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript