Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл шаруашылығы министрлігі Назарбаев әулетінен заңсыз жерлер анықталса, қайтарып алуға уәде берді

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, Назарбаев әулеті, заңсыз иемденген жер, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 13:42 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев заңсыз алынған жер телімдері тегіне қарамастан, барлық адамнан бірдей тәркіленетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында ҚР Тұңғыш президенті туралы заң күшінің жойылуы жөніндегі журналистер сұрағына жауап берген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Назарбаев әулеті мүшелерінің меншігінде заңсыз алынған жер телімдері бар екені анықталса, ол жерлерге не болатынын нақтылады.

"Негізі, тегі, өзі кім болса да, мұның бізге қатысы жоқ. Біз барлық жерді тексереміз. Егер жерді тиімсіз пайдалану, заңсыз жеке меншікке беру фактілері болса, әрине, біз бұл учаскелерді міндетті түрде тексеріп, мемлекетке қайтарамыз". Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев

13 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заңның күшін жою туралы заң қабылданды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: