Қазақстан ауған қыздары мен әйелдерін оқыту бағдарламасын жалғастыруға әзір
Сурет: pixabay
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 23 қаңтарда өткен брифингте жақын арада Ауғанстанның қыздары мен әйелдеріне Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік беретін бағдарлама қайта басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Айбек Смадияров бұған дейін де ауған әйелдері Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алғанын атап өтті.
"Ауғанстан билігімен және осы бағдарламаны қаржыландыратын ЕО-мен келісімге қол жеткізілді. Ол жақын арада қайта басталады". Айбек Смадияров
Сондай-ақ ол 2023 жылғы 19-20 қаңтарда Брюссельде Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақтың Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің үшінші кездесуі өткенін айтты.
"Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев басқарды. Ол өз сөзінде Қазақстанның ауған халқына көмек көрсету жөніндегі міндеттемелеріне берік екенін атап өтті. Осы орайда қазақстандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен өзара қарым-қатынас тәжірбиесі атап өтілді. Мәселен, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Ауғанстанға 456 мың тонна қазақстандық ұн жеткізілді. Отандық университеттер ЕО қаржыландыратын және БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асыратын Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы ауған студенттеріне арналған білім беру бағдарламасына белсенді түрде қатысатыны мақұлданды". Айбек Смадияров
2022 жылғы 21 желтоқсанда Ауғанстанда әйелдерге университеттерде оқуға тыйым салынғаны хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript