Жаңалықтар тізбегі
0

"Күн күрт ысиды". Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

Су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2023 15:56 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметтің цифрлық кеңсесінде өткен кеңесте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жедел шаралар қабылдау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин "Қазгидрометтің" болжамы бойынша республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қар араласқан қатты жауын-шашын болып, температура көтерілетінін хабарлады. Оның айтуынша, қалың қардың еруінен су жиналып, бұл өз кезегінде мұздың күрт еруі мен өзендерде су деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарына 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысын күшейту тапсырылды.


Су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2023 15:56

Сурет: primeminister.kz


Премьер-министр өңірлердің әкімдіктері ТЖМ-мен бірлесіп, қажетті шұғыл шаралардың барлығын қабылдауы қажет екенін атап өтті.

"Қазір бізге су тасқынына дайындық шараларын күшейту керек. Ауа райының күрт жылынуынан тасқын қаупі туындап отырғанын көріп отырмыз. Бұл бағытта тиісті іс-шараларды жедел үйлестіру үшін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған арнайы Үкіметтік комиссия жұмысын бастайды", — деді Әлихан Смайылов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: