ТЖМ Түркістан облысындағы су тасқыны жөнінде: Жаңбыр тоқтады, бірақ ағын әлі толастар емес
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Министр Юрий Ильин Түркістан облысында су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресуді тапсырды.
Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда. Синоптиктердің болжамдары да көңіл көншітпейді. Жағдай ерекше бақылауда.Юрий Ильин
Оның сөзінше, бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript