Марат Бекетаев Премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен босатылды
Марат Бекетаев. Сурет: primeminister.kz
Марат Бекетаев Премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі Zakon.kz редакциясына Марат Бекетаевтың бұдан былай Премьер-министрдің кеңесшісі болып жұмыс істемейтінін растады.
Ол бұл қызметке 2022 жылғы 14 қаңтарда тағайындалған еді.
Марат Бекетаев 1977 жылы 29 тамызда Шымкентте туған.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған.
Әр жылдары әділет вице-министрі, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, Әділет министрі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript