Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

ҚР үкіметі, ҚР Президенті, Түркия, жер сілкінісі, гуманитарлық көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2023 09:10 Сурет: primeminister.kz
Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Үкіметінің ресми Telegram арнасының жазуынша, Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды. Бұл шешім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қабылданып отыр.

Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.

15 ақпан күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 мыңнан асқанын мәлімдеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: