Қазақстанда атом электр станциясы салынатын орын өзгеруі мүмкін бе
Сурет: pexels
Сенат кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр АЭС салынатын орын туралы нақты шешім техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес таңдалатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер оған Түркиядағы жер сілкінісін мысалға келтіре отырып, "Алматы облысы сейсмикалық жағынан қауіпті деп есептелетіндіктен, АЭС салынатын орынды қайта қарау жоспары бар ма?" деген сұрақ қойды. Спикер станцияны жобалау жұмысы біршама ұзақ уақытқа созылатынын, себебі бұл нысан өнеркәсіптік тұрғыдан қауіпті екенін айтып, тиісті сараптамалар мұқият жүргізілетініне сендірді.
"Алдымен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді, содан кейін оның қорытындысы, қарау нәтижелері бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Егер техникалық-экономикалық негіздеме оны сол аумаққа салу орынсыз екенін көрсетсе, әрине, жобалық-сметалық құжаттама болмайды. Басқа орын таңдалады. Қазір бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ, тек орын таңдау мәселесі талқыланып жатыр. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу әлі басталған жоқ, сондықтан оған әлі ерте".Роман Скляр
15 ақпанда Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов атом электр станциясын салуға арналған жерді таңдау кезінде сейсмикалық белсенділік мәселесі ескерілетінін айтты.
6 ақпан күні таңертең Түркия мен Сирияда күшті жер сілкінісі болды. Тербеліс магнитудасы 7,8 балл болды. Алғашқы жер сілкінісінен кейін тұрғындар кем дегенде тағы он шақты жер сілкінісін сезінді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript