Қазақстанда аналық бас ірі қара мал мен аналық бас ұсақ малды әкетуге салынған тыйым мерзімі ұзартылады
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының аумағынан аналық бас ірі қара малды және аналық бас ұсақ малды әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – деп жазылған құжатта.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны шаралар қабылдау туралы хабардар етуге тиіс екені де нақтыланған.
Құжат 9 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript