Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Түркияға барған құтқарушылар марапатталды

құтқарушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 20:05 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Алматыда сапары барысында Түркиядағы жер сілкінісі салдарын жою жұмыстарына қатысып елімізге оралған құтқарушыларды марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марапаттау рәсімі  Республикалық жедел-құтқару жасағының базасында өтті. Жалпы 60-тан астам қызметкер марапатталды, оның ішінде мемлекеттік наградалар, ҚР Президентінің алғыс хаттары, сонымен бірге ведомстволық наградалар-медальдар мен төсбелгілер табыс етілді.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы бұған дейін де 1999 жылы жедел-құтқару тобы мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері Дегирмендер қаласына барып, көмек көрсетті, адамдарды үйінділер астынан шығарып, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапсырды. 

Сол кезде топты қазіргі ҚР ТЖМ ардагері Валерий Петров басқарды. Бүгінгі таңда жұмыс істеп жүрген құтқарушыларды марапаттау рәсімінде ол мұндай операцияларға қатысу кәсіби борыш екенін атап өтті. Шынында да, 24 жыл бұрынғыдай, Қазақстан халқы Түркияға жер сілкінісінің салдарын жоюға кеткен құтқарушыларға қолдау көрсетті.

ТЖ министрі Юрий Ильин Республикалық жедел-құтқару жасағы жеке құрамының алдында сөйлеген сөзінде оларды Түркия азаматтары ғана емес, отандастарымыз да мақтан тұтып, қызметерін жоғары бағалағанын атап өтті.

"Сіздер тапсырманы абыроймен орындадыңыздар. Біздің азаматтарымыздың бұл бағасы бүгінгі күні қызметкерлерге мемлекеттік награда түрінде берілуде, барлы қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталады. Бейбіт уақытта да ерлік жасалады, ал сіздер бұл ерлікті  күн сайын адам өмірін құтқару кезінде жасайсыздар. Біздің ТЖМ бөлімшелеріміздің негізгі міндеті  мұқтаж жандарға уақытында көмекке келу. Осы міндетті абыроймен атқарып жүрген сіздерге тағы да үлкен рахмет. "Мен бүгін бізбен бірге жұмыс істеп жатқан ардагерлерімізге де алғыс айтамын, олар әрқашан сіздерге бағыт-беріп келеді". Юрий Ильин
құтқарушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 20:05

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Министр Түркиядағы Республикалық жедел-құтқару жасағы құтұарушыларының, Апаттар медицинасы орталығы медицина қызметкерлерінің жедел және үйлесімді жұмысын атап өтіп, Түркия Республикасында олар құтқарушыларды одан әрі даярлауда ескерілетін орасан зор тәжірибе алғанын айтты. 

"Мен құтқарушыларға, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлеріне, мемлекеттік материалдық резервт қызметкерлеріне, әскери бөлімдердің әскери қызметшілеріне, түрік және сирия халқына гуманитарлық көмек жеткізуге жұмсаған жедел жұмыс үшін, қызметкерлеріміздің туған-туыстарына моральдық қолдау көрсеткендері үшін ризашылығымды білдіремін. Ең бастысы, сіздер жырақта жүріп, өз кәсіби міндеттеріңізді орындап, елге аман-есен оралдыңыздар!". Юрий Ильин
құтқарушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 20:05

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Президентінің алғыс хаттары, сондай-ақ ведомстволық наградалар-медальдар мен төсбелгілер Түркиядағы жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан барлық құтқарушыларға табыс етілді. Құтқарушы иттер де назардан тыс қалған жоқ. Олардың құтқару операциясына қосқан үлесі де маңызды болды. Түркияда құтқарушылар үйінді астынан 7 адамды құтқарып, 88 адамның денесін шығарды. Олар күн сайын тәулігіне 16 сағаттан жұмыс істеді. Қазақстанда білім алуға және тәжірибе жинауға дайын түрік әріптестері олардың жұмысына тәнті болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: