Сайлауда ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов дауыс берді
Әлихан Смайылов Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде таңдау жасады, деп мәлімдеді Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Сурет: primeminister.kz
Қазақстанда жексенбі күні Парламент мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлау басталды. Сайлау учаскелерінің көбі таңғы сағат 7:00-де ашылды. 19 наурызда Астана уақыты бойынша 20:00-ге дейін 12 миллионнан астам азамат дауыс бере алады.
Бұл сайлау Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бір күнде сайланатындығымен ерекшеленеді, бұл ретте екі жүйе қатар қолданылады – пропорционалды (партиялық тізімдер бойынша) және мажоритарлық (бір мандатты округтер бойынша). Қазақстан тарихында Парламент мәжілісі депутаттарын сайлау аралас жүйе бойынша бірінші рет өтіп тұрған жоқ.