Путин 72 жасында қайта сайлана алатынын ескертіп қойды
Владимир Путин 2024 жылы қайтадан Ресей президенттігіне сайлану ықтималдылығы туралы сұраққа жауап берді.
Ол әзірге сайлауға қатысу бойынша шешім қабылдамағанын, бірақ оның қайта сайлану құқығы бар екенінің өзі "ел ішіндегі саяси жағдайды тұрақтандырады" деп мәлімдеді.
Ол бұл пікірін "Ресей шақырады" деп аталатын инвестициялық форумда жасады. Президент бұл шараға онлайн форматта қатысқан.
2020 жылдың жазында Ресейде Конституцияға өзгерістер енгізілді. Онда ел президентінің бұл қызметте екі мерзімнен артық отыра алмайтыны жазылған.
Осы өзгерістерге жаңа норма қазіргі президентке қатысты емес екені, сондықтан Путин президенттікке тағы да екі рет сайлана алатыны белгіленген. Оппозиция бұл талап арнайы Путин билігін сақтау үшін жасалған деп есептейді.
Путин Ресей билігінде жалпы 17 жыл отыр. 2024 жылы ол 72-ге толады.