Абхазиядағы көтеріліс: оппозиция ел президенті орнынан кетуге келіскенін мәлімдеді
Сурет: видеодан алынды
Абхазиялық оппозиционерлер республика басшысы Аслан Бжания өз қызметінен кетуге келіскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Республика" Telegram арнасының мәліметінше, Бжания республика президентінің міндетін атқарушы етіп қазіргі вице-президент Бадра Гунбаны тағайындауды сұрады.
Дәл қазіргі уақытта үйлестіру кеңесі, Парламент депутаттары мен қазіргі президент арасында келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылады. Оппозиция екі ұсынысты алға тартты:
- биліктен барлығы кетеді: президент те, вице-президент те, премьер де. Лаша Ашуба парламент спикері ретінде сайлауға дейін президенттің міндетін атқарады.
- президент, вице-президент, премьер-министр кетеді. Президент барлық тараптарды қанағаттандыратын адамды міндетін атқарушы етіп тағайындайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript