Жаңалықтар тізбегі
0

Ғалымдар коронавируспен ауырған науқасты бірден анықтайтын "ақылды" маска ойлап тапты

Жаңа технология, "ақылды" маска, ғылым, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2021 10:09 Сурет: pixabay
Жапондықтар таңқалдырудан алдына жан салар емес

Егер адам Сovid-19 жұқтырса, онда оның қорғаныс маскасы ультракүлгін сәуленің астында жарқырайды. Мұндай жаңалықты Киото префектура университетінің жапондық ғалымдар тобы ойлап тапты, деп хабарайды Zakon.kz.

Яғни бұл маска COVID-19 бөлшектерімен байланысқа түсе алады. Ал масканың өзі қосымша сүзгіден тұрады. Егер оны шешіп алып үстінен флуоресцентті бояғыш шашатын болса, антиденелер арқылы сovid-19 вирусы ультракүлгін сәуле түрінде жарқырай түседі екен.

Ғалымдар бұл әдісті жасау кезінде түйеқұстарға вирустың белсенді емес түрін енгізді. Нәтижесінде олардың жұмыртқаларынан иммундық жүйені қалыпқа келтіретін антидене ақуызы алынған. Бұдан кейін бұл ақуыздар флуоресцентті спрейге енгізілді.

Бұл экспериментке 10 күн ішінде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 адам қатысты. Маскаларға антиденелері бар ақуызды сепкен кезде, шамның астында ұстағаннан кейін covid-19 вирусының іздері жарқыраған. Егер науқас сауығып кететін болса, вирустық жүктеме төмендеп, маска ультракүлгін сәуле шығармайды. Өнертапқыш-ғалым Ясухиро Цукамото

Сынақ әрі қарай жалғасады. Цукамото эксперименттің тағы 150 қатысушысына маска тағуды жоспарлайды. Егер сынақтар сәтті аяқталса, ғалым 2022 жылы қарай Жапония үкіметінен осындай ақылды маскаларды сатуға рұқсат алуға дәмелі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: